Ыдырысов Қазақстанның Еуропадағы беделі артып келе жатқанын айтты

Қазақстанның Еуропадағы беделі тұрақты артып келеді. Бұл туралы бүгін  Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.


"Қазақстанның Еуропадағы беделі жоғары әрі тұрақты өсім көрсетіп келе жатыр. Мұның дәлелі -  біздің елімізге Франция президенті Олланд, Швейцария президенті Буркхальтер сынды ірі еуропалық көшбасшылар және басқа да ресми еуропалық өкілдердің сапары бола алады", - деді министр.

Сонымен қатар ол Еуропа Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып отырғанын баса айтты.

"Біздің сауда-саттығымыздың 50 пайыздан астамы, ал бұл шамамен 55 млрд доллар Еуропалық одақ елдерімен арадағы өзара сауданы құрайды. Қазақстан экономикасына құйылатын тікелей шетел инвестицияның шамамен 50 пайызға жуығы да Еуропаның үлесінде", - деді Ыдырысов.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Еуропалық одақпен өзара іс-қимылды белсенді ілгерілете беретін болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: