Юлия Галышева әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Финляндиядағы әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева жұптық могулден жеңімпаз атанды.


Ол финалда канадалық атақты апалы-сіңлілердің бірі - Хлоя Дюфур-Лапуантты ұтты.

Еске сала кетейік, биылғы Сочи олимпиадасында Юлия Галышева жүлдеге іліге алмаған еді. Бұған, бір жағынан, төрешілердің төмен баға қоюы әсер етті.

Осыған ренжіген Юлия спорттық жолын аяқтамақшы болған. Дегенмен ол пікірінен айныған Галышева осы жеңісімен әлемдегі мықты могулшілердің бірі екендігін дәлелдеп отыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: