Тимати 9-айлық қызын халыққа көрсетті

Ресейлік әнші рэпер Тимати жақында әлеуметтік желідегі жеке парақшасына 9-айлық Алиса есімді қызының суреттерін жариялады.

Бұл Тимати мен оның кішкентай қызының анасы, модель Алена Шишкованың ресейлік журналдардың біріне берген сұхбаты кезінде жасалған фотосессия.

Сұхбаттың тақырыбы отбасылық өмірге қатысты болды. Ресейлік әнші табынушылары мен БАҚ өкілдерінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін отбасымен бірге фотосессияға қатысуға келісімін берген.

"Біз үнемі жұрт назарында жүретін адамдармыз. Сондықтан қыр соңымыздан қалмайтын БАҚ өкілдерінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін суретке түсуге және журналға сұхбат беруге келістік", - дейді Тимати.

Естеріңізге сала кетсек, Тимати мен оның азаматтық некедегі жары Алена Шишкованың отбасында 2014 жылдың 19 наурызында қыз бала дүниеге келді. Жас ана Доминикан республикасындағы перзентханалардың бірінде босанған болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: