Тараздық мұғалім қазақы нақыштағы қуыршақтар шығаруда

Тараздық ұстаз ұлттық нақыштағы ойыншықтар шығаруды бастады. "Қазақ-түрік колледжінің" оқытушысы Әлия Нұржігітова ұлтымызға қазақ қуыршақтарын шығарып қызмет етуде.


Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері мен төрт түліктеріміз бейнеленген қуыршақтарды қолдан пішіп, жасап жатқанына көп уақыт болмаған.Ұсынған өнімдері нарықтағы қытай ойыншақтарынан 10 есеге арзан.

Әлия Нұржігітова - ұстаздықтан кетіп, ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту үшін кәсіпкерлікке бет бұруда. Ол бір жыл бұрын Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес-идеялар байқауына қатысып, көзге түседі.

Қазақ ертегілері мен ұлттық нақыштағы қуыршақтар жасау бастамасы сол сәтте қолдауға ие болыпты.

"Бұл идея базарда жүргенімде ойыма келді. Қарап тұрып, ойыншықтар арасында бірде-бір қазақылығымызды көрсететін қуыршақ таппадым. Балаларымыз неліктен шетел мультфильмдерінің кейіпкерлеріне еліктеу керек?", - дейді Әлия Нұржігітова.

Ұрпақ бойына ұлттық нақыштарды сіңіруді көздеген ұстаздың қазір қол астында 3 бірдей қызметкері бар. Олар қуыршақтардан бөлек оюлармен кестеленген жастықшалар мен орындық жапқыштарын да шығарып жатыр.

Сондай-ақ, балаларға арналған құрастырма-мозайкалар да осы шеберлердің қолынан жарық көруде.

"Бүгінгі таңда Отандық өнім ретінде мен балалардың шешендігі мен шеберлігін, есеп-қисапқа құмарлығын оятатын ойыншықтар шығарудамыз. Бұл тек бастамасы. Ал, келесі жылы полимер, пластмасса өнімдерінен құрастырмалы қуыршақтар шығармақшымыз. Және таза әрі табиғи болсын деп ағаштардан да ойыншықтар жасау жоспарда бар", - дейді кәсіпкер.

Ұлттық нақыштағы ойыншықтарға ден қойып жүрген ұстазға жетпей жатқаны тек қаржылай қолдау ғана.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: