Танымал актриса Астанадан сұлулық салонын ашты

Сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулап жүрген жас актриса Жәния Джуринская сұлулық салонын ашты деп хабарлайды baistars.kz


Сұлулық салоны Жәнияның туған күні қарсаңында Астана қаласының орталығынан ашылды.Бұл жөнінде актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, суреттерімен бөлісті.

"Аллаға бәрі үшін мың алғыс! Ата-анама, достарыма махаббаты мен қолдаулары үшін алғысым шексіз! Сондай-ақ, маған жақсылық тілеген баршаңызға рақмет, сіздер менің мықты болуыма себепкер болдыңыздар! Айта кетейін, бүгін менің сұлулық салонымның да туған күні", - деп жазды Жәния Джуринская.


Сұлулық студиясы актрисаның өзінің есімімен "JD Janiya Djurinskaya" деп аталады. Айта кету керек Жәния 5 желтоқсан күні 24 жасқа толған туған күнін тойлады.

Осыған дейін сұлу актриса Қайрат Нұртастың "Өкініш" атты фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Сондай-ақ, қазір НТК арнасында жүріп жатқан "Вузеры" атты жастарға арналған сериалда ойнайды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: