Төбелесімен шошытқан қыздар белді оқу орнының студенттері болып шықты

Әлеуметтік желіге жас қыздардың төбелескен видеосы түсіп, елді елең еткізген еді. Ерсі қылыққа барған бойжеткендердің Алматыдағы белді бір оқу орнының студенттері екені анықталды.

Қыздар әлденеге сөзге келіп қалса керек. Сөйтіп, күші басымы әлсізін аяғының астына басып, жұдырықтай жөнелген.

Арасында, бірін бірі жеті атасына дейін жеткізіп балағаттап та жатыр. Ал өзгелері телефондарына түсіріп мәз-мейрам. Ғаламторға салып, қалдырылған шағын ақпарға қарағанда, төбелес 10-шы желтоқсанда Алматыда болған.

Жаға жыртысып жатқан 1-2 курстың студенттері екен. Теріс қылығымен танымал болған осы бойжеткендердің ісімен енді полиция айналысып жатыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: