Түрмелерде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жеке бизнесті тарту қажет

Сотталушыларды дұрыс жолға қоюдың жолы, колонияларға жеке бизнесті тарту. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.

"Біздің келесі - жаңа жұмыс орындарын ашу үшін колонияларға жеке бизнесті тарту. Егер жайлы жағдай жасар болсақ, онда бизнес инфрақұрылымға қаржы құйып, жаңа нысандар салады, заманауи құрал-жабдықтар орнататын болады", - деді ол.

Оның айтуынша, түрмедегі жұмыс сотталушыларды дұрыс бағытқа тәрбиелейді. Сондықтан да бұл іске сотталушылар тарабынан зор қызығушылық болады.

"Осы мақсатта "Сотталушыларға арналған 100 іс" атты кітап әзірленді. Онда әрбір іске 2,3 бет арналып, бизнес жүргізудің қыр-сыры, өзекті мәселелері мен құпиялары жан-жақты жазылған", - дейді Жанат Кешубаев.

Сонымен қатар қандай да бір іспен айналысқысы келген сотталушыларға арналған арнайы ақпараттық база әзірленбек. Онда 1000 бизнес идея тізімі, бұрынғы сотталғандардың табысқа жету тарихы, мемлекеттік қолдау тетіктері сынды бөлімдер бар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: