Түрік халқы алғаш болып Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан тәуелсіздігінің 23 жылдығы биыл Түркия Республикасында ерте тойлана бастады. Бауырлас елдің бас қаласы Анкарада Тәуелсіздік мерекесіне орай қабылдау болып өтті.

Бұл туралы trt.net.tr порталы хабарлайды деп жазады baq.kz.

Түркиядағы өкілетті және төтенше елші Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен өткен қабылдауға түрік елінің бұрынғы президенті Абдуллах Гүл, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстандық тәлімгерлер, Түркиядағы қазақ қоғамының өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, Қазақстанды  тәуелсіз ел ретінде ең бірінші болып таныған Түркия мемлекеті болатын.





 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: