Спирттік ішімдіктер иммунитетті арттырады

"Vaccine" ғылыми журналына жарияланған зерттеудің нәтижесінде спирттік ішімдіктердің иммунитетті көтеруге көмектесетіні белгілі болды.

Тек ішімдікті белгілі бір мөлшерде ғана тұтынудың пайдасы болмақ. Ағзаның инфекция мен вакцинацияға деген реакциясын арттыру мақсатында зерттеу жүргізген ғалымдар осындай шешімге келгендіктерін айтады.

Зерттеу тобына алты маймыл қатыстырылған. Оларға 14 ай бойына 4%-дық коктейль берілді. Және тағы осындай бір топ бақылауға алынған болатын. Маймылдар да адамдар тәрізді алкоголге әсерлері әр қилы байқалды.

Жануарлар тобы ішімдікті көп ішетін және белгілі бір аздаған мөлшерде тұтынатын болып екіге бөлінді. Белгілі болғандай инфекцияға спирттік ішімдікті көп тұтынатын жануарлардың ағзасы келесі аз тұтынушы топ жануарларына қарағанда әлсіз болып шықты дейді мамандар.

Мамандардың сөзінше ауру адамға алкоголь еш көмектесе алмайды. Ол бар болғаны вирустық инфекцияның өміршеңдігін алдын ала бәсеңдетуге септеседі. Сондай-ақ денедегі бактерия мен вирустары біржола жоюға спирт қауқарсыз.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: