Сириядағы «жиһадшы» қазақ балаларының кім екені анықталды

Еліміздің Бас прокуратурасы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының құрамына еніп кеткен қазақтың "жиһадшы" сәбилерінің кім екенін анықтады.


Бұл жайында Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко бүгін журналистермен болған кездесуде мәлімдеді.

Естеріңізде болса жуырда Интернетте кішкентай қазақ балаларының жиһадқа шақыратын бейнеролигі пайда болған еді. Онда олар қаруларын сайлап, "кәпірлерді өлтіреміз" деп ұрандатқан.

"Мен сіздерге нақты аты-жөндерін айта алмаймын. Бірақ біз бұл балалардың кім екенін өте жақсы білеміз. Олар түрлі себеппен шетел асқан, басым көпшілігі ата-аналарымен кетен", - деді Кравченко брифинг барысында.

Оның айтуынша, аталған бейнероликтің мақсаты - "Ислам мемлекеті" құрамына барынша көп адам тарту. Құзырлы орган бүгінде аталған видеоматериалдың Қазақстан аумағына тарауына тыйым салған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары Сирия мен Иракқа соғысуға аттанған қазақстандықтарды елге қайтарудың амалдарын жасап жатқан көрінеді. Ең бірінші кезекте кәмелет жасына толмаған балалар елге қайтарылады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: