Шымкентте табиғи газ жарылысынан зардап шеккен үй бұзылады

Шымкентте табиғи газ жарылысы кезінде зардап шеккен тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылып, бұзуға шешім қабылданды. Бұл туралы әкім орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлімдеді.

"Барлық 8 отбасы тұрғын үймен қамтамсыз етіледі. Біз төтенше жағдайдан зардап шеккен аумақтың көлемін ескереміз. Мәселені ақшалай өтемақы төлеп немесе екінші деңгейдегі нарықтан тұрғын үй сатып алу арқылы шешеміз. Оларға жаңа үй беру заңда көзделмеген, себебі олар үй кезегінде жоқ", - деді әкім орынбасары.

Әкімдік екі үш бөлмелі, алты екі бөлмелі пәтер сатып алады. Олар пәтерді тек келесі жылы бірінші тоқсанда алады, себебі қазір әкімдік резервінде қаржы қалмады.

Еске салсақ, 20 желтоқанда кешке үйдің бірінші қабатындағы үйден газ шығу салдарынан жарылыс орын алған. Тілсіз жау салдарынан үй толықтай отқа оранды. Көрші тұрғын үйлерден де зардап шеккендер бар. Пәтердегі газдың шығуы ішкі газ шаруашылығының ақауынан орын алған.

Бұған әзірге кімнің кінәлі екені белгісіз, ол тергеу барысында анықталады. Қалалық әкімдікте тағы бір болжам бар.

"Сол жерде таңертең экскаватор жер жұмыстарын жүргізген, газ өткізу құбырлары орналасқан жерді қопарған. Салдарынан 7-8 көше газсыз қалған. Жұмыс кешке бір-ақ аяқталды. Артынша осы жағдай орын алды. Бұл тек менің болжамым", - деді Бейсенбек Жанбосынов.

Әкім орынбасары қазір Шымкентте апатты үй орналасқан 4 учаске бар екенін айтты. Бюджетте бұл жерге көп қабатты үй тұрғызу жоспарланған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: