Шымкентте тіс емханасында жарылыс болды

Шымкент қаласындағы "Эврика" тіс емханасында жарылыс болып, екі адамды күйік шалды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаев.

Оның айтуынша, қаладағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан тіс емханасындағы жарылыс түс кезінде болған.

"Жарылыс газ-ауа қоспасының әсерінен болды. Оқиға кезінде тіс емханасының бөлмесінде ауа температурасы жоғарылап, 47 және 37 жастағы екі адамды күйік шалды", - дейді Нұрлан Темірбаев.

Ол бір азаматтың денесінің 65 пайызын, екіншісінің 35 пайызын күйік шалғанын, қазір олар ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Жуықта, 20 желтоқсанда Шымкентте екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйде үлкен жарылыс болып, соңы өртке ұласқан еді.

Ол оқиғадан бір тұрғын жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: