Шымкентте «оққа ұшқан» тыржалаңаш жігіттің есімін шетелдік БАҚ анықтады

Шетелдік Dailymail басылымы Шымкент көшелерінің бірінде белгісіз адамдар пневматикалық қарумен оқ жаудырған тыржалаңаш жігіт 27 жастағы Юрий Байсейітов екенін анықтады.


Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

"Оқ атқандардың кім екенін білмейміз, бірақ олардың кімге оқ атқандарын анықтадық және оған тұрпайы қылық танытқаны үшін айып тағылуы мүмкін", - деп мәлім етті полиция баспасөз хатшысы Бералин аталмыш басылымға берген сұхбатында.

Осы оқиға жазылып қалған видео ғаламторға 30 қыркүйекте шыққанына қарамастан, күні бүгінге дейін аймақтық ІІД аталмыш ақпаратқа қатысты қандайда бір түсініктеме беруден тартынып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада ғаламтор желісінде жол ортасындағы гүлзарда тырдай жалаңаш тұрып, өткен-кеткендердің құтын қашырған жігіт түсіп қалған ерекше видео пайда болды.

Видеода жігіттің тұрпайы қылығына ашуланған өтіп бара жатқан көлік ішіндегілер оны көше ортасынан қуып жібермек болып, болжам бойынша, пневматикалық немесе газ тапаншадан бірнеше рет оқ атады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: