Шымкентте газ баллоны жарылып, 8 пәтерлі үй қирады

Шымкент қаласында болжам бойынша тұрғын үйдегі газ баллоны жарылып, 8 пәтерлі үй қирады, деп хабарлайды Otyrar.KZ.

Жарылыс 20 желтоқсан күні кешкі сағат 18-00 шамасында болған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті дереу шақырылып, тұрғындар қауіпсіз жерге орналастырылды.

Жарылыс салдарынан 23 адам зардап шеккен, оның 7-уі балалар. 1 адам ауруханаға жатқылызды.

Алдын ала нұсқа бойынша Шымкентте орын алған жарылысқа табиғи газ себеп болған. Жалын әп-сәтте үйді орап үлгерген. Бұдан көп жыл бұрын салынған үй құрылысына ағаш пен қамыс көптеп қолданылған болып шықты.

Үйдің қабырғасы қатты зақымданған, құлау қаупі болғандықтан үй иелерін басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Оларға уақытша мектептегі спорт залда түнеу ұсынылды.

Көптеген отбасылар туыстарының үйлерінде тұруды шешті. Қазір зардап шеккен 8 отбасыға уақытша баспана беру мәселесі қаралуда.





Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: