Шымкенттік ақсақалдар той жасағанда ысырапшылдыққа бармауға шақырды

Оңтүстік халқы той өткізу дәстүрін жаңа жолға салмақ. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі той өткізу мәдениетін жетілдіру туралы ұсыныс тастады.

 
Бұл туралы Оңтүстік Рабат басылымы хабарлайды.

Той өткізудің мәдениетіне байланысты облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша арнайы қабылданған Үндеуде қазіргі той өткізудегі олқылықтар кеңінен қозғалған.

"Кейінгі жылдары той өткізу мәдениетінде біршама жақсы үрдістер пайда болуда. Ғасырлар бойы халық сынынан өтіп, сұрыпталған салт-дәстүрлер жаңашылдықпен үйлесе жалғасын таба бастады. Дастархан мәдениеті биіктеді. Өнерпаздар талғамы өсті. Бұл қуантады. Бірақ, кемшін тұстары да бар", - делінген үндеуде.

Ардагерлер кеңесі тойдың өте кеш басталуы мен музыканың құлақты жаратындай қатты қоюлуына және тағы да біраз кемшіліктерге мән берген.

"Театрландырылған көріністердің тым көп уақыт алуы, шын ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың орнына "сақал байлаған", "әртістік кимешектер киген" жасанды жандардың бата беруі, көңілге қона бермейтін қойылымдар қоюы, асабалардың көп сөйлеуі, талғамсыз әңгімелер айтуы, сөз берілгендердің де бірін-бірі қайталап, жаттандылыққа ұрынуы жұртшылықты ығыр етеді", - дейді ардагерлер кеңесі.

Шетелдіктерге еліктеп, қазаққа жараспайтын рәсімдерді тықпалау, мәселен шырақтар қоршаған торт асату және жанып тұрған отты сөндіру, небір тамақ түрлерінің желінбестен ысырап болуы да ақсақалдарды қатты ойландырған.

Үйлену тойлары алдында жастардың сейіл-серуен құруы, яғни "гулянка" аталатын шарасы да шектен шығып барады. Көше қозғалысына кедергі келтіру, әдепсіздік, тәртіпсіздік орын алуда.

"Сый-сияпаттар, шапан-шапқыттар, тырысушылық секілді даңғойлық, өркөкірек өзімшілдік бадырая білініп, кері әсер тудыратыны жасырын емес. Үйлену тойлары алдында жастардың сейіл-серуен құруы, яғни "гулянка" аталатын шарасы да шектен шығып барады. Көше қозғалысына кедергі келтіру, әдепсіздік, тәртіпсіздік орын алуда. Кейбір өңірлерде той басталар-басталмас азық-түлікті қапшықтарға тықпалау сияқты жат әдеттер дендей түсуде", - делінген үндеуде.

Той өткізудің мәдениетін ұлттық ұлағаттарға, озық салт-дәстүрлерге сай биіктету — баршаның парызы екенін айтқан ардагерлер кеңесі халыққа төмендегі ұсынысты білдірді:

1. Ең бастысы, қандай той болса да белгіленген уақытта, кешіктірілмей басталуы керек. Көптеген кемшіліктер тойдың бір, кейде екі-үш сағат кеш басталуына байланысты туындайды. Барлық тойларды тұп-тура көрсетілген сағатта бастауды ұсынамыз. Осыған қол жетсе той иелері де, жастар да, басқалар да, шақырылғандар да, тойхана қызметкерлері де шаршап-шалдықпайды. Мүмкіндігінше кейбір тойларды, әсіресе тұсаукесер, сүндет тойларды күндіз өткізген жөн.

2. Асабаларға талапты күшейте түсу қажет. Облыстық, қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет басқармалары мен бөлімдері, өзге де тиісті мекемелер асабалар оқуларын, курстарын, семинарларын ұйымдастыруы тиіс деп санаймыз.

3. Той өткізуге байланысты алуан түрлі сценарийлер, жобалар, ұсыныстар жасап, кітапшалар шығарып, тарату тиісті ұйымдар мен мекемелер, ұлтқа, мәдениетке, өркениетке жанашыр меценаттар тарапынан жан-жақты қолға алынуы керек.

4. Үйлену тойларының алдындағы "гулянка" деп аталатын шараны түбегейлі өзгерту — аса ділгір мәселе. Оны ұлттық салт-дәстүрге сәйкестендіріп, қасиетті орындарға тәу ету, тағзым жасау, гүл қою, т.б. рәсімдерге арнау қажет. Ішімдік ішу, көше қозғалысын бұзу, тағысын-тағы жат әрекеттер мен әдеттер қатаң айыпталып, жазалануы керек.

Көптеген кемшіліктер тойдың бір, кейде екі-үш сағат кеш басталуына байланысты туындайды. Барлық тойларды тұп-тура көрсетілген сағатта бастауды ұсынамыз.

5. Бесік той, тұсаукесер, сүндет тойдан басқаларына жас жеткіншектерді мерейтойларда жас бүлдіршіндер беталды жүгіріп, алыса ойнап, асабаның да, өзгелердің де мазаларын алатынын білесіздер.

6. Көршілес кейбір елдерде той туралы заңдар немесе жергілікті өкілетті органдар бекіткен ережелер қабылданған. Бізде де осы мәселелерді ойластырған абзал деп санаймыз.

7. Телеарналарда, газеттер мен журналдарда арнайы бағдарламалар мен айдарлар ашып, той мәдениетін биіктету туралы жан-жақты айтылып, жазылып, талқыланып, бейәдеп өткен тойлар сыналып, өнегелі тойлар насихатталғаны жөн.

8. Тойларды бірте-бірте спиртті ішімдіктерсіз, сапалы, таза қымыз бен қымыран арқылы өткізген абзал болар еді. Жалпы, бәсеке үшін, дақпырт үшін тамақ түрлерін көбейтіп, ысырапқа жол беру – өркениетке де, мәдениетке де, қасиетті Құран талаптары мен ұлттық салт-дәстүрге де қайшы деп, иманды қорытынды шығарар кез жетті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: