Шымкент шенеуніктерінің қандай көлік мінетіні анықталды

Шымкенттегі облыстық әкімдікте әлдеқандай жиын өте қалса, ғимараттың алдында қайқайып тұрған қымбат көліктерден көз қарығады. Тақым талдыратындай емес, небір артықшылықтары бар люкс-санаттағы көліктер. Олардың басым бөлігінің төркіні Қазақстан емес деп жазады Алаш айнасы.


Елбасының отандық көліктерге мініңдер деген ескертпесінен кейін  тапсырманы тап-тұйнақтай орындағандарды таба алмадық. Әзірге қазақстандық көлік "есіктен сығалауға мәжбүр". Дұрысы отандық өнім желіде байланып тұрған шақта, шетелдік көліктер әлемдік аламанда (әсіресе ШҚО-да) бәйгенің басын бермей жүр.

Тек Шымкенттің экс-әкімі Қайрат Молдасейітовтің ғана кезінде өзіміздің Өскеменнен шыққан Kia Cadenza көлігін тақымына басқаны есте. Той-томалаққа танымал брендтік көлік мінетіні айқын, бірақ қызметіне осы көлігімен келіп кететін-ді. Одан бері де ол кісінің орнын басқандардың отандық көлікке деген қызығушылығы жоқ секілді.

Негізі Шым қаланың №1 басшылары қашанда өзгелерге үлгі көрсетуімен ерекшеленеді. Кезінде экс-әкім Арман Жетпісбаевтың "Lexus LX 570" көлігі көш басын ешкімге бермеген болатын. Әрине одан да асып түсерліктей көлігі барлар жетеді.

Ал облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі департамент, басқарма басшылары да қара жаяу емес.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмайловтың көлігін көрмек болғанымыздан түк шықпады. Хатшы қыз азар да безер болып ол туралы ешқандай да мәлімет бере алмайтынын жеткізді.

Кейде көне көліктің жамап жасқауы көбейіп кетіп, жүргенінен тұрғаны көп. Тіпті жақын маңдағы ауыл аймаққа да шығу мұң. Жолда қалуы мүмкін.

Шымқалада "Х 001 ОК", "Х 002 ОК" нөмірлі көліктер көп. Қызметіне қарай әр әкімнің қайсысына қай нөмір тиесілі екені белгілі. Бірақ олардың арасынан қазақстандық SsangYong Chairman, Kia, SKODA, Chevroletтер көзге көрінбейді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: