Шенеуніктер әуебилеттер құнының арзандауын жоққа шығармайды

Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті шетелдік әуе компанияларына қойылатын талаптардың күшейетінін және авиабилеттер құнының арзандауын жоққа шығармайтынын айтты.

Бұл туралы журналистермен өткен брифинг барысында Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев мәлім етті.

Төраға орынбасарының айтуынша, 2013 жылдан бері шетелдік әуе компанияларына қойылатын талаптарды күшейту бағытында заңнамаға 80-нен астам түзету енгізілген. Соның нәтижесінде көптеген әуе компаниялары қызметін тоқтатса, енді бірінің лицензиясы қайтарып алынды.

"Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отырмыз", - деді Серік Мұхтыбаев брифингте.

Еске сала кететін жайт, бұған дейін Еуропалық комиссия өзінің ресми сайтында "Эйр Астана" әуе компаниясынан басқа қазақстандық компанияларға еуропаға ұшуларға тыйым салатындығы туралы ақпарат жарияланған болатын.

"Қара тізімге" қазақстандық компаниялардың енуіне басты себеп - аудиттің халықаралық стандарттарға сәйкес еместігінде болып отыр екен.

Ал билет құнына қатысты ойын Мұхтыбаев былай жеткізді:

"Билеттегі ең негізгі құн, өкінішке қарай бұл - отын. Ендеше, отынға бағаның жалпылама төмендеу үдерісі аясында біз де билеттер құны арзандауы тиіс деп күтеміз. Әрине, авиабилеттер құны негізінен коммерциялық мәселе, сондықтан да оны мемлекеттік органдарға емес, авиакомпанияларға жолдаған дұрыс", - дейді Серік Мұхтыбаев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: