ШҚО-да мұз үстімен жүрген көлік өзенге батып кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының Қызыл ту өткелінде ішінде бір топ адам болған "Форд-Галакси" көлігі мұздың үстінде тұрып қалды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.

Көлік жүргізушісі мен жолаушылары одан түскен сәтте машина суға бата бастаған. Күршім аудандық су-құтқару қызметінің келгенше "Форд-Галакси" жағадан 500 метр жерде, шамамен 4 метр тереңдікке батып кетті.

"Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, олар көліктен уақтылы түспегенде, бұл келеңсіз жағдайдың соңы қайғылы аяқталар еді", - деп атап өтті құтқарушылар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: