ШҚО-да ауру малдың сүтінен 7 адамға бруцеллез жұқты

Өскеменде жыл басынан бері жеті адам "сарып" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оның бесеуі қараша айында түскен. Науқастардың базардан алынған сүт өнімдерін пайдаланғанын дәрігерлер анықтап отыр.


Көше саудасына қарсы күрес нәтижесін берер емес. Саудагерлер үй аулалары мен балалар алаңдарында сүт, қаймақ, ірімшік, сүзбелерін сатуды доғармай отыр. Дүкендегі сүтке қарағанда, қолдың сүті арзан. Төмен баға тұрғындарды қызықтырады.

Оған қоса, саудагерлер "сүттің құрамы таза" деп, тауарына жарнама жасайды. Алайда, іс жүзінде көшеден алынған өнімнің денсаулыққа қауіпті екені байқалуда. Эпидемиологтарды азық-түліктің қалай сақталатыны алаңдатып отыр.

Малға вакцинаның уақытылы салынатыны да күмән туғызады. Дәрігерлер бұл аурудың аса қауіпті екенін айтып дабыл қағуда.

"Бруцеллез ауруын уақытында емдемесе, бұл созылмалы түріне айналады. Ал, егерде мүлдем емдемесе, ол мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін", - дейді Өскемен қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы Әйгерім Нұркенова.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: