ШҚО әкімі 97-жастағы қарияға iPad сыйға тартты

ШҚО әкімі Даниал Ахметов президент атынан облыста тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, оларға iPad планшетін табыс етті.

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан ҰОС ардагерлерін құттықтауды бастап та кетті. Республиканың барлық өңір басшылары ардагерлерді аралап, оларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жаңажылдық сыйлықтар табыстайды.

Шығыс Қазақстанда өңір басшысы Даниал Ахметов облыс орталығындағы ардагерлер үйлеріне барып, елбасы құттықтауы мен президент жайлы кітапты, жаңа жылдық сый-сыяпатпен толтырылған себет және соңғы үлгідегі iPad планшетін тарту етті.

Облыс әкімі бірінші Қабду Қарменовтің үйіне барды. Ардагер 97 жаста, ал зайыбы Зәкен Саханова 94 жаста. Олар қонақтарға соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді әңгімелеп берді. Олар 10 бала өсіріп, тәрбиелеген. Қазір 22 немере мен 4 шөбере сүйіп отыр.

Ардагерлер елбасына өздерін үнемі назарында ұстайтындығы үшін алғыс сезімдерін білдірді.

"Мемлекет қамқорлығын үнемі сезініп келеміз. Бір ту астында көп ұлтты өкілдердің жұмыла өмір сүруіне ықпалы зор елбасымыз елдің гүлденуі, игілігі үшін көп нәрсе жасады. Бүгінгі құттықтауына да ерекше ризамыз", - деп ардагерлердің бірі Дмитрий Москальцов.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: