Семейде жүз жылдық тарихы бар Құран табылды

Семейде жүз жылдық тарихы бар Құран кітабы табылды. Көне кітаптың көлемі сіріңкенің қорабындай ғана. Көне қолжазбаны татар қоғамдық орталығының мұражайына жергілікті тұрғын жеткізді, деп хабарлайды Muslim.kz.

Семейлік тұрғынның айтуынша, сирек кездесетін кітап оған атасынан мұра болып қалған. Жәдігердің басты ерекшелігі – оның келесі бетінде ұлғайтқыш әйнек орналастырылуы.

Осы құрылғы арқылы кітапты еш қиындықсыз оқуға болады. Кітаптың сыртқы мұқабасы таза мыстан жасалғандықтан, әріптері жақсы сақталған.

Татар орталығы мұражайының жетекшісі Шауқат Файзуллин: "Мен өмірімде бірінші рет осындай кішкентай Құранды көріп тұрмын. Бәлкім сол кездері қасиетті кітаптың көлемі шағын болғандықтан, қалтаға салып немесе мойынға тұмар ретінде іліп жүрсе керек-ті. Ал, ұлғайтқыш арқылы кітаптағы кез келген сүрені қиындықсыз оқуға болады", - дейді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: