Семейде өзен саласындағы бөгеліс салдарынан 30 үйді су басты

Семейде Ертіс өзенінің Семипалатинка саласындағы бөгеліс салдарынан Восточный кентінің кей учаскелерін су басты, деп хабарлады yk-news.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, аулалық учаскелер мен 30 үйді су басуы салдарынан құтқарушылар 48 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның алтауы - бала.

Сонымен қатар, 8 бас ірі қараны, 15 бас қой, 4 автомобиль қауіпсіз аумаққа шығарылды. 7 баспананың 8 адамы қауіпсіз жерге көшіруден бас тартты. Жапа шеккендер жоқ. Қоғамдық тәртіпті қадағалайтын бақылау орындары ұйымдастырылды.

Апат салдарын жоюға 23 техника мен 198 адам жұмылдырылды. Семей қалалық гарнизоны және жалпы ШҚО ТЖД күшейтілген жұмыс режіміне көшті.

Қазіргі уақытта су деңгейінің көтерілуі байқалмады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: