Семейде қанішер ашынасы мен оның 11 жасар ұлын жаралады

Семейде жантүршігерлік қылмыс болды. 37 жастағы азғын көңілдес әйелі мен оның 11 жасар баласын пышақтаған.

 

Күдікті сол күні көңілдесінің үйіне күйеуі жоқта келген. Дастархан басында араққа сылқия тойған қаніпезер оған отау құрайық деп сөз салыпты. Алайда, қарсылық білдіргенін көтере алмай, пышақ сілтеген.

Араша түспек болған 11 жасар баланы да аямады. Жараланған бүлдіршін өтірік өлген сияқты жатып қалып, күдіктінің кеткенін күтеді. Соңынан тәртіп сақшыларын шақырып, аман қалған. Қазір өміріне еш қауіп жоқ.

Ал келіншек сол жерде жан тәсілім етті. Бұған дейін істі болған азамат енді өмір бойы қамалуы мүмкін.

"Көзіне қан толған қанішер десе де болады, ары қарай "мен енді балаңды өлтірдім, сені де өлтірем" деп, әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салады да, сол үйден шығып кетіп қалады", - дейді  Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: