Сабина Алтынбекованы Гонконгте мыңдаған жанкүйері қарсы алды

Волейболшы қыз Сабина Алтынбекованы Гонконгта мыңдаған жанкүйер күтіп алды. Бұл туралы "Hk.apple.nextmedia.com" порталы хабарлады.

Сабинаның ұшағы Гонконгке кешігіп қонған. Соған қарамастан жанкүйерлердің көңіл күйлері ерекше. Барлығы да қазақ қызымен суретке түсуге құмар.

Тұрғындармен селфи жасаудан Алтынбекова да бас тартқан жоқ. Сабина Гонконгке тәжірибе алмасу үшін келген болатын. Ол осы жақтағы волейбол жұлдыздарымен жаттығу жасауды көздеп отыр.

Жыл сайын жаңа жылды Ақтөбеде туыстарымен қарсы алатын 18 жастағы волейболшы қыз айтулы мерекені алғаш рет шет елде өткізбек.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: