Сабина Алтынбекованы басты рольді сомдауға шақырды

Сабина Алтынбекова қазақстандық кинода басты рөлде ойнайды. Бұл ақпарат Астана қаласында өткен "Жыл сілкінісі" марапаттау кешінде белгілі болды.

Сабина Алтынбекова "Жыл сілкінісі" марапаттау кешінде "Халықтың сүйіктісі" Ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

"Like" формасында жасалған мүсін мен арнайы дипломды Сабинаға белгілі актер Фархат Абдраимов пен кештің ұйымдастырушысы, "Республика-Регион-Развитие" қорының президенті Ғалым Байтүк табыстады.

"Кішігірім сырымды ашайын. Біз Фархат екеуіміз "Путь домой" атты жаңадан фильм түсіргелі жатырмыз және сол фильмге продюсерлік етеміз. Бұл фильмде Сабина басты рөлде ойнайды. Сонымен қатар, Фархат та басты рөлдердің бірін сомдайды. Жоба 90 жылдардағы шетел азаматы асырап алған қазақ баласының елге оралуы жайлы болмақ", - деп Ғалым Байтүк фильм жайлы қысқаша айтып кетті.

"Шынымен бұл мен үшін күтпеген және қуанышты жағдай болды. Бұл болашаққа деген ұмтылысымды одан әрі арттырады. Сонымен қатар, бұл қазақстандықтардың, жақындарымыздың қолдауы. Мен болашақта спортта қалуды жоспарлап отырмын. Алға қойған мақсаттырымның бәріне жетемін деген ойдамын", - деп Сабина өз кезегінде ойымен бөлісті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: