Сәбиін абайсызда өлтіріп алған павлодарлық ана сотталды

Шарбақты аудандық сотымен жаңа туылған сәбиін абайсызда өлтіріп алған азаматша Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды деп, мәлімдеді Павлодар облыстық соты.

Ол түнгі ұйқы уақытында өзінің ұқыпсыздығынан жаңа туылған нәрестесін денесімен басып, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Соның салдарынан нәресте өлім құшқан.

"Сотта айыпталушы таңғы уақытта баланы жанына жатқызып, емізгеннен кейін нәресте ұйықтаған соң өзі де ұйқыға кеткендігін, ал таңғы сағат 06.30 кезінде оянғанында баласының еш тыныс алмай жатқанын айтты. Ол өзінің кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.

Сот Р.-ны қылмыстық кодекстің 101 бабының 1-ші бөлігі бойынша айыпты деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: