СҚО-да жоғалып кеткен қыз 6 күннен соң Көкшетау қаласында бірақ оянды

Полиция қызметкерлері бір апта бойы Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарынан іздеу жарияланған 16 жасар қыздың жұмбақ оқиғасын тергеу үстінде.

Жасөспірім құрбыларымен бірге 25 қараша күні Петропавловск қаласының Тимирязев ауданына қарасты Ақжан ауылынан таңғы 10.00-де жолға шыққан.

Петропавловск қаласына келген келге ол қыз құрбыларына: "СҚО орталығынан 10 шақырым қашықтықта тұратын туысқан апасына барам", - дейді. Таксиге отырған қыз ұйықтап қалады. 6 күн бойы ұйықтаған қыз 2 желтоқсан күні Көкшетау қаласында бір-ақ оянады.

Бір апта бойы жас қыздың қайда болғаны беймәлім. Көкшетауға қалай келгенін өзі де білмейді. Вокзал маңынан қызды 50 жастағы көлік жүргізушісі көріп, үйіне алып келеді. Қыз жылынып, тамақтанған соң, үлкен кісінің нұсқауымен көлік полициясы қызметіне келеді.

Көкшетау бекетіндегі желілік Ішкі істер бөлімі ювеналды полицияның аға инспекторы Виктор Степаненко айтуынша, дәрігерлер қызды тексерген кезде ешқандай жәбірлеу-зорлық белгілерін таппаған. Олар қыздың есте сақтау қабілетінің бұрын жақсы болғанын айтқан.

Дегенмен түсініктеме алу барысында бойжеткен сөйлеген кезде кекештеніп, есінде ештеңе қалмағанын айтыпты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: