СҚО-да 20 күннен бері жоғалған тұрғын іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 20 күннен бері Жамбыл ауданы Железное ауылының тұрғыны іздестірілуде.


Айбас Мұтышев  - 1967 жылы туған, Жамбыл ауданы Железное ауылының тұрғыны. Ол 20 қарашада үйінен шығып кетіп, содан бері қайтып оралмаған.

"Полицейлер мен еріктілер ауыл маңындағы орманды, көлдерді сүзіп шықты",-ақпараттандырды ІІД-нің  баспасөз қызметінен.

Айбастың бойы 165-170 см, көзілдірік тағады. Үйден кеткенде қара күзгі күрте (куртка), қара түсті резеңке етік пен басына қара бас киім киген.

Полиция қызметкерлері мен туыстары Айбас Мұтышев туралы қандайда ақпарат белгілі болса, мына байланыс телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: (87152) 39-40-07, 39-40-37, 39-41-79, (871544) 50-04-07 немесе "102".

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: