СҚО әкімі қазақ тіліндегі сұрақты түсіне алмай масқара болды

Әкімдердің  ішінде ана тілін түсінбейтіндері де бар. 6 желтоқсанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов есеп берді деп жазады "Жас қазақ" газеті.

 
Ол баяндамасының әр жерінде қазақша сөйлеген. Сұрақ-жауапқа кезек келгенде Сұлтанов "қатты тұрмыстық қалдық" деген сөзді түсінбей, масқара болды.

Ақиқатын растау үшін Baq.kz  тілшісі Ая Өміртай мен Ерік Сұлтановтың арасындағы диалогты қаз-қалпында келтірелік:

– Солтүстік Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі қандай және қаншасы қайтадан өңделді?

Бірінші сұрақ тұрғын үй деп айттыңыз ба?..

– Жоқ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оның көлемі?

Тағы да?..

– Қатты тұрмыстық қалдықтар.

Я не слышу немножко.

– Өңірдегі тұрмыстық қалдықтар.

Сыртқа шығайын. Сізге сосын жауап беремін!

Ерік Хамзаұлы кейбір сауалдарға қазақша және орысша екі тілде жауап берген.

"Жас қазақтың": "Облыста елбасының қатысуымен ашылып, қазір жұмыс істемей тұрған қанша кәсіпорын бар?" деген сауалына ол: "Елбасы ашқан кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеп тұр" деп таңдайын тақылдатты.

Ал "Ойл ньюс" тілшісінің осындай сауалына: "Бұл мәселеге талдау жасадық. Бізде бірнеше жыл тоқтап тұрған, жақсы жабдықталған, қуаты зор 22 кәсіпорын бар. Жетеуін іске қостық. Солардың бірі 5 жыл тұрған "Биохим" 2015 жылдың бірінші жартысында жұмысын бастайды" деп жауап қайырған.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: