Роналду ғасырдың үздік футболшысы атануы мүмкін

Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Португалияның соңғы ғасырдағы ең үздік футболшысы атануға үміткер футболшылардың қатарына қосылды, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы шетелдік баспалардың ақпаратына сүйене отырып.


Кеше Португалия футбол федерациясы өзінің ресми сайтында ғасырдың үздік футболшысы атағына дауыс берудің басталғанын хабарлады.

Үздік футболшыға үміткерлердің көшін 2008 және 2013 жылғы әлемнің үздік футболшысына берілетін "Алтын доптың" иегері Криштиану Роналду бастап тұр.

Одан бөлек, бұл тізімде "Алтын допты" 1965 жылы жеңіп алған Эйсебио мен 2000 жылы әлемнің үздік аяқдопшысы атанған Луиш Фигу бар.

Португалия футболындағы ғасырдың үздік футболшысы 2015 жылдың 14 қаңтарында Эшторил қаласында ресми анықталады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: