Рим папасы Далай-ламамен кездесуден бас тартты

Рим папасы Франциск Тибеттің рухани лидері Далай-ламамен кездеспейтін болды. Бұған Қытаймен қарым-қатынастағы туған жағдай себеп болған, деп хабарлады Би-би-си.

Осыған дейін Римде жұмыс сапарымен жүрген Далай-лама понтификпен кездесуді сұраған. Ватикан өкілінің сөзіне қарағанда, папаның тибеттік буддистерге қарым-қатынасы жақсы болғанымен, белгілі себептерге байланысты бұл өтініш орындалмады.

Сараптамашылар атап өткендей, Ватикан ҚХР-мен арадағы қарым-қатынасты нығайту шараларына кедергі келтіргісі келмейді.

Қытай билігі Далай-ламаны сепаратист деп айыптап, оның саяси лидерлермен кездесуін құптамайды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: