Ресейлік «Песня года» байқауында Еркеш Шәкеевтің әні лауреат атанды

"Нелюбимая", "Донна Осень", "Стоп-ночь", "Девочка в платьице белом" сияқты танымал әндердің авторы, атақты қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев Ресейлік "Жыл әні" ән байқауының лауреаты атанды.


Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Байқау 6 желтоқсан күні Мәскеу қаласында "Олимпиский" спорт кешенінде өтті. Лауреат дипломын Еркеш Шакеев "A-Студио" тобының орындауындағы "Душа" атты әнінің әні мен сөзі үшін алды.

Айта кету керек, Еркеш Шәкеев осыған дейін бірнеше рет Ресейде өткен ән байқаулардың лауреаты болған.

1995 жылы "А-Студио" тобының орындауындағы "Нелюбимая" әні, 2006 жылы Лайма Вайкуленің орындауындағы "Мартовский вечер" әні үшін ресейлік телефестивалінің лауреаты атанған.

2010 жылы "Жыл әні" байқауында "А-Студио" тобының "Fashion girl" , 2013 жылы Ани Лорактың орындауындағы "Зажигай сердце" әнімен лауреат атағын иеленді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: