Ресейден көлік сатып алуға аттанған қазақстандықтар жол апатында көз жұмды

Ресейден сатып алған көлігін құтқарамын деп жанталасқан Шымкенттің екі тұрғыны пойыздың астына түсіп, көз жұмды.


Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

11 желтоқсан күні Шымкенттің 28 жастағы екі тұрғыны ресейлік нөмірі бар "KIA" автокөлігімен теміржол өткелінен өтіп кетпек болады.

Алайда, Әйтеке би – Қызылсай бөлімшесінде жүк пойызы жақындап қалғанына қарамай, жолды кесіп өтпек болған екеуінің ойы жүзеге аспады. Себебі, көлік рельске кептетіліп қалған.

Көлікті қайта оталдырып, қалайда жолдан өтіп үлгереміз деп жүргенде, жүк пойызы жеңіл машинаны қағып кетті. Апат салдарынан екі азамат та көз жұмды.

Осы оқиғадан соң, теміржол қозғалысы 3 сағатқа тоқтады. Бірнеше жүк пойызы мен бір жолаушылар пойызының кестесі өзгеріске түсті.

Еске сала кетейік, рубльдің құлдырауын пайдаланбақ болған қазақстандықтар Ресейден арзан көлік сатып алу үшін жанталасуда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: