Ресейде дүкенге ұрлыққа түскен мысық 63 мың рубль көлемінде залал келтірді

Владивосток қаласының әуежайында орналасқан дүкенді қарапайым мысық тақырға отырғызды. Витринада сақтаулы тұрған қымбат теңіз өнімдерін жабайы жануар түгелдей дерлік бүлдіріп кеткен.

Түннің бір уақытында мысық дүкенге кіріп, витринадағы теңіз өнімдерін жеп, полиэтилен пакеттегілерін тырнағымен бүлдірген. Келтірілген шығынды дүкен иесі 63 мың рубльге бағалап отыр. Бұл қаражатты енді ол әуежай әкімдігінен өндіріп алмақ екенін айтты.

"Мысық осы маңайды мекендейді. Кей кездерде әуежай ғимаратына кіріп жүре береді", - дейді дүкен иелері.

Енді олар келген шығынды әуежай басшыларынан өндіріп алу үшін арыз жазды. Ал, әуежай әкімдігі кері пікірде. Айтуларынша, олар дүкендердің қауіпсіздігіне жауап бермейді екен.

"Мысықтың қалай ішке кіріп кеткенін өзіміз де түсіне алмай отырмыз. Дегенмен, түнгі уақытта дүкендердің есіктері толықтай жабылады. Витриналар да жабылуы тиіс. Дүкеннің ішіндегі қауіпсіздікке дүкен иесінің өзі жауап беруі керек", - деді әуежай өкілі.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: