Ресей валютасының құлдырауы бағалардың өсуіне соқтырады

Рубль болжағаннан да тым төменге құлдырап, Ресей экономикасын тұтас тұралататын түрі бар. Қазір солтүстіктегі көршіміз алыс-беріске жұмсалатын қаржының бағамын нақтылай алмай дал.


Тек отандық валютамен сауда жасаймыз деп күшке мінген Ресей енді рубльдің құнсыздануын тоқтата алмай жатыр. Қазір доллар мұнда 80 рубльден саудалануда. Және баға күн санап құлап жатыр.

Ал сарапшылар болса бұл тығырыққа себеп болған мұнай бағасы жуырда барреліне 43 долларға дейін төмендейді деп болжам жасады. Мұның Қазақстан экономикасына оң әсер етпесі анық дейді мамандар.

"Ресейде баға көтерілген сайын инфляцияның ұлғайуына жол ашып отыр. Ол импортпен Қазақстанға келіп инфляцияға әсерін білдіреді. Қазақстанға біздің күнделікті өмірімізге қандай әсері бар десек, ол  - бағалардың өсуі", - дейді экономист  Меруерт Мәуітханова.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: