Ресей 10 жылдан соң «Протон» ұшыруын тоқтатады

Ресей "Протон" ұшыруын доғармақ. Астана мен Мәскеу бірлесіп жасаған жоспар бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымырандарын ұшыру 2025 жылы толығымен тоқтатылуы тиіс. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал оған дейінгі он жыл ішінде аталған зымыранды ұшыру біртіндеп азая бермек. Әрине,онда да көршілеріміз сөзінде тұрса ғана.

"Роскосмостың" аяқ асты келісімге келуі бекер емес. Қазір Ресей дербес "Восточный" деп аталатын ғарыш айлағын салып жатыр. Бір қызығы қазақ даласын гептилмен улап келген көршіміз өздерінің жаңа айлағында "Протон" емес, "Ангар" деп аталатын зымыранның жаңа түрін ұшырмақ.

Ол зымыранды көкке көтеру үшін тек табиғи таза отын қолданылатын болады. Ал жаңа айлақтың құрылысы біткен күннің өзінде Ресей Байқоңырдан түбегейлі кететіндей сыңай танытып отырған жоқ.

Одан қалды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады. Айта кетсек, Мәскеу былтыр 2-ші шілде Қызылорда облысына құлаған "Протонның" өтемақысы яғни 14 миллиард теңгені әлі берген жоқ.

Сол кезде ауаға 600 тонна улы гептил төгілген болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: