Путин: Ресей мен Қазақстан осы дағдарыстан плюс деген белгімен шығады

Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз конференциясының барысында Ресей мен Қазақстанның мұнайдың бағасының төмендеуімен байланысты қазіргі дағдарыстан оң деген белгімен шығатынын мәлімдеді.Владимир Путин. Фото: РИА Новости. Сергей Гунеев

Бұл туралы Қазақпарат rosbalt.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік хабарлағандай, Ресей президенті "Қазақстан да Ресей сияқты мұнай-газ өндіруші мемлекет екеніне" сенімді.

"Қалай болғанда да, Қазақстан да Ресей сияқты жағымсыз сыртқы экономикалық жағдайға тап болып отыр. Біз осы жағдайдан шыға аламыз ба? Бұл жағдайдан плюс деген белгімен шығатынымыз сөзсіз", - деді ресейлік лидер.

Путиннің пікірінше, оған "әлемдік экономиканың өсуі мен бізде бар энергиялық ресурстарға деген сұраныс себеп болады".

"Оның үстіне, - деп қосты Ресей президенті, - келесі жылдан бастап жұмысын бастайтын Еуразиялық экономикалық одақ аясында проблемаларды бірге жеңіп, дағдарыстан шығу да оңай".

Сонымен бірге, Путин Кедендік одақ құрылғалы Ресей, Беларусь мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 50 пайызға өсті.

"Бұл маңызды әрі объективті көрсеткіш, ең алдымен интеграциямен байланысты оң нәтижелерге сүйенеміз", - деп Путиннің сөзін rosbalt.ru келтіреді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: