Путин мен Лукашенко Назарбаевты ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздік күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Назарбаев, Путин және Лукашенко

"Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің әлемдік аренадағы лайықты абыройы мен халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешудегі маңызды құрылымдық рөлін атап өтті", - деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз қызметінен.

Ресей президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың достық, серіктестік және тату көршілік сипатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты іске қосумен байланысты түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастығының жаңа болашағын атап өтті.

Путин Ресей мен Қазақстан халықтарының еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістерді жеделдету, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде екіжақты негізде де, көпжақты негізде де өзара тиімді байланыстарды одан әрі кеңейтуге деген сенімділігін білдірді.

Сондай-ақ бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко да Назарбаевты ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне белоруссиялық көшбасшының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Егемендік жылдарында Қазақстан мемлекеттілігін бекемдеу, әлеуметтік-экономикалық дамуда ауқымды табыстарға жетіп, халықаралық аренаны мойындатты", - делінген хабарламада.

Беларусь мемлекетінің басшысы Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас екі ел арасындағы достық, құрметтеушілік, сенім және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде одан әрі ныға түсетіндігіне сенімін білдірді.

Олардың жан-жақты кеңеюіне, тереңдеуіне Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың күшіне енуі септігін тигізеді, деп атап өтті Александр Лукашенко.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: