Путин 2018 жылы сайлауға түсетінін не түспейтінін әлі шешпеді

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы сайлауға түсетінін не түспейтінін шешпеген. Бұл туралы ол бүгін БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.Владимир Путин. Фото: РИА Новости

"2018 жылғы сайлау туралы айтуға әлі ерте. Мұны 2018 жылға қарай шешу керек", - деді Владимир Путин.

"Біріншіден, елде атқарылған жұмыс пен қоғамдағы көңіл-күйге байланысты кімнің 2018 жылы сайлауға түсетіні туралы қорытынды жасауға болады. Екіншіден, елде болып жатқан барлық жағдайдың жауапкершілігі әрқашанда мемлекет басшысының мойнында", - деп қосты Ресей президенті.

Путин мұндай жауапкершіліктен ешқашан қашпайтынын қадап айтты.

"Жалпы алғанда, үкіметтің де, орталық банктің де саясатын дұрыс деп санаймын. Бұл бізге макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканың дұрыс жағдайын сақтай отыра, елде бар қорға сүйене отырып, 2012 жылы айқындалған әлеуметтік міндеттерді шешіп, бүгінге жағдайдан таяуда немесе орта мерзімдегі перспективада шығуға негіз болады", - деп түйіндеді Ресей президенті.

Еске сала кетейік, Владимир Путин Ресей президенті болып үшінші рет 2012 жылы сайланды. Ол Ресейді 2018 жылға дейін басқарады. 

Сондай-ақ үлкен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрағына жауап берген Путин "ЮКОС"-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийге рақымшылық жасағанына өкінбейтінін айтты.

Сауал қойған журналистің дерегіне сүйенсек, саясаттан мүлде кетемін деген ол қазір, тіпті, президенттікке кандидат болуды ойлап жүр екен.

"Қай елде?", - деп нақтыламақ болды Путин. Алайда оның сауалы жауапсыз қалды.

"Ходорковский мырза рақымшылық жасау туралы тиісті қағаз жіберген. Содан кейін саясатқа жоламаймын деген сияқты болып еді. Сол кезде мен оған рақымшылық жасадым. Ол анасы қатты ауырып жатқанын айтқан еді. Ана – ең асыл адам. Қазір сезімге беріліп айтып отыр демеңіздер, ол жазасының көп уақытын өтеп қойған. Ол туған анасымен қоштаса алмай қалуы мүмкін еді, сондықтан оны қамауда ұстаудың еш қисыны жоқ болды. Мен оған рақымшылық жасағаныма өкінбеймін және дұрыс істегеніме сенімдімін", - деді Ресей президенті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: