Прокуратура Алматы облысында әкім орынбасарының бұрын сотталғанын анықтады

Әкімнің орынбасары бұрын істі болған. Алматы облысының тәртіптік кеңесі Іле ауданы әкімінің орынбасарын қызметінен шеттету жайлы шешім қабылдады деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі Ахметжан Күшенов жұмысқа тұрарда бұрын сотталғандығын жасырып, жалған анықтамалар өткізіпті. Жалған құжат прокуратураның кезекті тексерісі кезінде әшкереленген. Дегенмен құзырлы орган шенеуніктің бұрын не бүлдіргенін ашып айтпай отыр.

Қазір Ахметжан Күшенов денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатыр екен. Ауруханадан шыққан күні-ақ қызметінен қуылатын болады. Тәртіптік кеңестің кәріне ұшырағандар қатарына осы Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Данияр Сабырбаев та бар.

31 жастағы шенеунікке тәртіп бұзған қызметкерлерге шара қолданбай, өз еркімен жұмыстан босатқаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Аудандық әкімдіктегі былық бұнымен бітпейді екен. Тағы 8 қызметкердің мәселесін қазір прокурорлар майшаммен қарауда. Олардың қатарында денсаулық сақтау, ішкі саясат, құрылыс және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшылары мен мамандары бар.

Ал қол астындағыларының былығы үшін әкімнің өзіне ең болмаса ескерту де жасалған жоқ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: