Президент Тоқаевқа «Нұрлы жол» саясатын жүзеге асыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.


Кездесу барысында Сенат басшысы Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі мен Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы баяндады.

Президент қажетті заңдарды дер кезінде қабылдаудың маңыздылығына тоқталып өтті, сонымен қатар, "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аудару керектігін ескертті.

Сенат төрағасы Парламенттің жоғарғы палатасы биыл жылдың соңына дейінгі уақытты қосқанда 100-ге жуық заң қабылдауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: