Павлодарда кафеде заңсыз ән салған АҚШ азаматына айыппұл салынды

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Америка Құрама Штатының азаматына дәмханалардың бірінде заңсыз ән шырқағаны үшін 40 айлық есептік көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады  облыстық соттың сайты.

"Ол 2014 жылдың 18 қазаны күні  "G1" дәрежелік виза бойынша елімізге келіп, "Крендель" кофеханасында әнші-музыкант ретінде жұмыс істеген. Алайда, бұл әрекеті  шетелдік азаматтың визадағы "Қазақстандағы болу мақсаты" деген бөлігінде көрсетілмеген", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, берілген құқық бұзушылықты заңды білмегендігінен жасағандығын айтқан.

"Сот қаулысымен АҚШ азаматы кінәлі деп танылды. Оған қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 74 020 (жетпіс төрт мың жиырма) теңгені құрайтын айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - деп қосты облыстық соттан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: