Павлодарда өз отбасын қырып тастаған азамат жазадан құтылуы мүмкін

Павлодарда бес адамның өліміне айыпты ер адам Алматыға сот-психиатрлық сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


"Бес адамның өлімі бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Республикалық ғылыми-практикалық психиатрия орталығында психологиялық-психиатрлық сараптамадан өту үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ол жерде бір айдан астам уақыт күдіктінің ақыл-есі дұрыс па, жоқ па екені тексеріледі", - деді ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Егер сараптама қорытындысы бойынша ер адамның ақыл-есі дұрыс емес болып танылса, мәжбүрлі түрде ем қабылдайды.

Еске сала кетейік, жаппай кісі өлімі 27 қазанға қараған түні Павлодар қаласының пәтерлерінің бірінде болған. Үш бөлмелі үйден бес адамның мәйіті табылды.

Полицияның болжауынша, 34 жастағы ер адам әйелі мен төрт жасар ұлын, інісін, әпкесі мен оның тоғыз жастағы қызын өлтірген.

Бұған қоса, ол бір тәулікті өлі туыстарымен бірге өткізген. Тәртіп сақшылары есікті бұзған кезде ол өзіне қол жұмсамақ болған. Жансақтау бөлімінде есін жиған кезде ғана өз ісін толық мойындап, отбасын ауыр тұрмыстық жағдайдан құтқару үшін барғанын айтқан.

Кейін қылмыскердің бұрынғы әскери қызметкер екені анықталды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, аса ауыр қылмыс жасаған тұлғалардың барлығына сот-психологиялық сараптама тағайындалады. 

"Ережеге сәйкес егер де бір адамның өлімі ғана болса, қорытынды Павлодар қаласында шығарылады. Алайда бес адамның өліміне байланысты күдіктіні толық тексеру үшін Алматы қаласындағы сот-психиатрлық сараптамаға жіберілді, - дейді ол.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: