Павлодардағы ЖОО ректоры құны миллионнан асатын кітап алғанына өкінбейді

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты құны бір миллион теңгеден асатын кітаптарды сатып алды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Бір қызығы, ағылшын тіліне арналған "қымбат" оқу  құралын осындай бағамен павлодарлық институт қана сатып алған. Өйткені, Кембридж университетінің прайс-парақшаларында аталмыш кітаптардың бағасы төрт есе арзан.

Бұған қарамастан жуырда мемлекеттік тапсырыстар сайтында 20 кітаптың әрқайсысы 52 мың теңгеден астам тұратыны туралы ақпарат жарияланған.

Аталмыш жайтқа бейжай қарамаған интернет қауымдастық тарапынан наразылық туындады. Бірақ Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт ректорының өз айтары бар.

"Кембридж университеті оқу құралдарының полиграфиялық сапасы жоғары. Кітаптар әлемдік ЖОО профессорларының зерттеулері негізінде жазылған" - дейді институт ректоры Нұрғали Аршабеков.

Институт басшысының айтуынша, қымбат бағалы оқулықтарды еліміздегі кітап өнімдерін тасымалдаушылар ұсынған.

Дегенмен, әрқайсысы 78 мың теңгеден сатып алынған Веллс кітабының шынайы бағасы 90 АҚШ долларын құрайды. Теңгеге шаққандағы құны – 16440.

Айта кетерлігі, аталмыш құралдарды тасымалдау тендерін жеңіп алған "Study INN" оқу орталығының мамандарын бұл баға таң қалдырды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: