Павлодар облысының әкімі рубльдің құлдырауына байланысты дабыл қағуда

Қазақстанның ұлттық валютасы әзірге Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауы салдарынан қысымшылық көріп отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Франция бизнес-форумында Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Қанат Бозымбаев

"Егер Ұлттық банктен келген сандарға жүгінетін болсақ, теңгенің жағдайы әзірге тұрақты. Оның стреске ұшырау-ұшырамауы рубльдің қанша құлдырайтынына байланысты. Ең бастысы, мұнай бағасының қаншалықты төмендеуі болып отыр. Бұл фактор да өте маңызды" - деді Сағадиев.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, бүгінде Ресейдегі девальвацияның салдарынан құлдырап кеткен рубльдің теңгенің тұрақтылығына кері әсері байқалған емес.

"Егер де ресейлік арзан тауарлар жаппай Қазақстанға қарай ағылатын болса, онда теңгеге қатысты қысым болатыны түсінікті. Дегенмен Ресей бүгінде өзін-өзі толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан біз рубльдің құлдырауы Ресей тарапынан импорттың ағылуына алып келетіндей ешқандай себеп көріп отырған жоқпыз", - деді Сағадиев.

Оның айтуынша, ең бастысы - жағдайды жақсылап қадағалап отыру қажет. Үкіметтің келесі қимылы жағдайдың одан әрі қалай дамуына байланысты болмақ.

Ал Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ресей рублінің құнсыздануына байланысты жергілікті нарықтағы жағдайға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыс әкімінің пікірінше, жергілікті нарықтағы жағдайды тұрақты ұстауға отандық азық-түлік өндірісінің өкілдері бақылауда ұстауы қажет. Бозымбаев бүгінгі күнгі Ресей рублінің құнсыздануы кезіндегі экономикалық жағдайды 1998 жылғы дефолтпен салыстырды.

"Ресей валютасы бағамының төмендеуі салдарынан желтоқсан айында қиын жағдай болатыны түсінікті. Мен ел Үкіметі және Ұлттық банк өкілдерімен әңгімелестім. Олар экономикалық жағдайды тұрақты ұстап, барлық мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес беруде. Бұл жағдайды рубль төңірегіндегі туындаған жайттар қиындатуда", - деді облыс әкімі,

Әкімнің пікірінше, әзірге бұл тұтынушылар үшін тиімді.

"Азық-түлік арзандады. Ал отандық тауар өндірушілеріне бәсекелестікті ұстап тұру оңайға соқпайды. Осындай жағдайда мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлер қауымы облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының көмегіне жүгіне алады. Өндіріс ошақтарының өкілдеріне өңірдегі индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қолдау білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ортақ мүдде жолында тізе біріктіру керек", - дейді Қанат Бозымбаев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: