Парижде Charlie Hebdo басылымына шабуыл жасаған лаңкестер ұсталды

Париждегі Charlie Hebdo сатиралық басылым редакциясына шабуыл жасаған лаңкестер ұсталды, деп мәлім етті CBN дереккөзге сілтеме жасап.


Лаңкестерді ұстау шарасы Реймсте ұйымдастырылды. Дереккөздің мәліметтеріне қарағанда, шабуыл жасағандардың біреуі қаза тауып, қалған екеуі қолға түскен.

Париждегі Charlie Hebdo басылымы редакциясына шабуыл кезінде 12 адам ажал құшты. Кейінірек лаңкестердің аты-жөні белгілі болды.

Олардың үшеуі де Франция азаматтары болып шықты. Бұлар ағайынды Шеирф пен Саид Куаши және Хамид Мурад, деп хабарлайды rosbalt.ru.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: