Пәкістан лаңкестері мектептерге шабуылын жалғастыратынын айтты

16 желтоқсанда Пешавар қаласындағы әскери мектепке шабуыл жасады деп айыпталған "Талибан" қозғалысының Пәкстандағы жетекшісі Халифа Омар Мансұр елдегі өзге мектептерге және азаматтық нысандарға шабуылды одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұл туралы The Wall Streeet Journal хабарлады. Оның айтуынша, "Талибан" осылайша ел әскерилерінен кек алуды жоспарлап отырған көрінеді.

"Егер билік біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтіруді тоқтатпаса сендердің де ұл-қыздарыңа тыныштық болмайды", - деп мәлімдеді Омар Мансұр.

Еске сала кетсек, 16 желтоқсан күні қаруланған алты адам Пешавар қаласындағы әскери училищенің ғимаратына басып кіріп, ондағы 500 адамды тұтқынға алған болатын.

Кейін 150-ден астамын атып тастап, салдарынан 148 адам көз жұмды. Олардың басым бөлігі оқушылар. Кейінірек мәлімдеме жасаған "Техрик-е Талибан Пәкістан" ұйымының өкілі Мұхаммед Хорасани бұл шабуылды топ жанкештілерінің жасағанын, алайда, оларға тек ересектерді өлтіру бұйырылғанын айтты.

Ал, араға бір тәулік салып Пәкістан билігі өлім жазасына жарияланған мораториді алып тастады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: