Отандық депутат 17 қызбен неке қидырған молда туралы мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы молдалардың неке қидыруын тоқтау керектігін ұсынды. Ол қай өңірден, қай ауылдан шыққанына қарамастан "талақ" дегенді алып тастау қажет деп есептейді.

Депутат тіпті 17 қызбен некелсекен молданы білетінін айтты. Бірақ оның атын атаудан бас тартты, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Жалпы, бізде дін мәселесіне келгенде нақты сараптама жоқ. Олай дейтінім, кеше қысқарту болған кезде облыстық әкімдіктер дін басқармаларын қысқартты. Қысқартқаны - еліндегі жағдайды білмейді. Мен жан түршігерлік мақалаларды жинап отырмын. Олардың саны он екіге жетті. Міне, "бір жылда төрт рет талақ болған қыздың тағдыры осы, мына заңның мына бабына сәйкес, қарастырыңыздар" деп сол мақаланы Дін істері комитеті облыстық әкімдіктерге жібергенде, қысқарту болмайтын еді", - дейді Оразкүл Асан.

Сонымен қатар, депутат облыстардағы дін басқармаларын қысқартпау керек екенін өтініп сұрады.

"Молдасы қызға зорлық көрсеткен облыстағы, жастары теріс ағымға түсіп кетіп жатқан облыстардағы дін басқармаларын қысқарту - күлкілі, мазақ", - деген депутат тағы бір мәлімдеме жасады.

"Тағы бір айтарым, қай өңірден шықса да, қай ауыл шығарса да, мына талақ дегенді тоқтауымыз керек. Молдалардың неке қидыруын тоқтауымыз керек. 17 қызбен неке қидырған адамды біз қалай "молда" дейміз? Ардақты Пайғамбарымыздың хадисінде көп әйел алу туралы айтылды, ол рас. Бірақ, өзінің немересіндей қызды он жетінші әйелі етіп алған молдаға не айтамыз? Оның кім екенін білемін, қазір атын атап, түрін түстемей-ақ қояйын. Бұл барып тұрған қасиетсіздік", - деді депутат Асанғазы.

Сонымен бірге депутат ханымның айтуынша, мемлекет басшысы қасиетті Құрбан айт мерекесінде айтқандай, біз салт-дәстүрімізді, асыл дініміздегі әдет-ғұрыптарды бір ізге салу керекпіз. Мәселен, біреулер келінге сәлем салдырмай жатыр, жетім-жесір үй таба алмай жүргенде, тағы біреулер қабат-қабат үй салуға болатын кірпіштен мола салып жатыр. Сондықтан, Елбасы айтқандай, бір ізге салу керек екенін атап өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: