Осы аптадағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада еліміздің Ауыл шаруашылығы министрінің жаңа орынбасары қызметіне кірісті. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында өңір басшысының орынбасарлары ауысты.


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды.

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда Қазақ КСР СІМ,  Президент Әкімшілігі, Үкіметте, Сыртқы істер министрлігінде, "Нұр Отан" партиясында, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ "Ертіс" ӘКК" ҰК басқарма төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

Рауан Кенжеханұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Кенжеханұлы Рауан 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін - халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын - іскерлік әкімшілік шебері мамандығы бойынша, сондай-ақ АҚШ-тағы Гарвард университетінің Халықаралық қатынастар орталығының Дж. Кеннеди атындағы Басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Ұлттық дебат орталығында үйлестіруші ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары "Хабар" агенттігінің Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы, Ресей Федерациясы бойынша меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде екінші хатшы, бірінші хатшы, 2006-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университетінде лингвистика департаментінің оқытушысы болып қызмет атқарған.

2011 жылдан осы кезге дейін "Bilim Media Group" компаниясының директоры қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар Байназарова Райкүл Мансұрқызы үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіподақтармен байланыс жөніндегі Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Райкүл Мансұрқызы 1957 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Алматы заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

Айта кетерлігі, бұдан бөлек осы облыстың 2 басқармасында да басшылар ауысты. Атап айтқанда, Еркебұлан Меңлібаев Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ өткізілген конкурс нәтижесі бойынша облыс әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы облыс әкімінің өкімімен Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Соңғы тағайындау, осы аптада "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ президенті қызметіне Мұхаметқалиев Береке Сағатұлы тағайындалғаны белгілі болды.

Оны кәсіпорын ұжымына Еуразиялық топ жетекшісі Александр Машкевич арнайы таныстырды. Айта кетерлігі, ол бұған дейін "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ-ның президенті болып қызмет атқарған еді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: