Оралда мектеп мұғалімін 58 жасқа толған күні-ақ жұмыстан шығарып жіберген

Оралдағы орта мектептердің бірінше зейнет жасына келген мұғалім Людмила Коневаны жұмыстан шығарып жіберді. Ал ата-аналар болса, балаларын 1-сыныптан бері оқытып келе жатқан ұстаз ең болмаса оқу жылының соңына дейін міндетін атқарса деп бас көтерді.

Бұл туралы uralskweek.kz хабарлайды.

№ 12 орта мектеп директоры 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары мектеп алдында қарсылық пикетін өткізді. Олар сынып жетекшісінің жұмыстан кетуіне наразылық білдірген.

Алайда, басшылық ата-аналардың ұсынысын құп алмай, 2014 жылдың 2 желтоқсаны күні 58 жасқа келген Людмила Ивановнаны тура сол күні жұмыстан кетіру туралы бұйрық шығарады. 35 жылдан бері білім беру саласында еңбек еткен ұстаздың орнына балаларды мүлде басқа мұғалім күтіп алған.

"Сынып жетекшілерін шығарып жіберген соң, балалардың оқуға деген ынтасы жоғалып кетті. Көңіл-күйлері жоқ", - дейді ата-аналар.

Осыдан соң, ата-аналардың рұқсатынсыз балалармен психолог жұмыс істеген. Ал бұл өз кезегінде тағы бір дауды туындатып отыр. Ата-аналардың айтуынша, басшылық мұндай қадамға бару арқылы оқушылардың құқығын бұзып отырған көрінеді.

Мектеп директоры Нұрлан Қойшығұлов зейнет жасына келген соң, мұғалімнің жұмыстан кеткенін, ал ата-аналар мен оқушылардың өтінішін орындай алмайтынын айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: